МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    1 / 12

    Хромтау аудандық мәдениет орталығында өкілеттік мерзімі аяқталған мәслихат депутаттарын марапаттауға арналған «Ел сенімі – ең биік мәртебе» атты салтанатты шара өтті.

    Шараға аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов қатысып, ел сенімін арқалап, халықтың мұң-мұқтажын жеткізу жолында қызмет еткен депутаттарға алғысын білдірді.

    Аудан әкімі өз сөзінде мәслихат депутаттарының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық мәселелердің шешілуіне және тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесіне тоқталды. Сондай-ақ ел игілігі жолындағы еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Салтанатты шара барысында бірқатар депутат Ақтөбе облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
    Сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

    Шара барысында депутаттардың ел игілігі жолындағы еңбегі мен қоғамдық қызметіне құрмет көрсетіліп, мерекелік ән шашу ұсынылды.

    Ел сенімін арқалап, туған жердің дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары