Қадірлі Шардара ауданының тұрғындары! Құрметті жерлестер!

    Баршаңызды еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Республика күні – халқымыздың азаттық жолындағы тарихи таңдауын айшықтайтын, тәуелсіздігіміздің бастауы болған тағылымды мереке. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация еліміздің дербес мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашты. Сондықтан бұл күннің тарихи маңызы зор.
    Бүгінде Қазақстан – ынтымағы жарасқан, мақсаты айқын, болашаққа нық қадам басқан мемлекет. Еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы – баршамызға ортақ міндет әрі асыл мұрат.
    Туған жеріміз – Шардара ауданы да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді. Ауданымыздың өркендеуі, елді мекендеріміздің көркеюі, инфрақұрылымның жаңаруы, тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруы – ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуетін арттырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз.
    Қадірлі жерлестер!
    Еліміздің ең басты байлығы – бірлігіміз бен татулығымыз. Отанға деген сүйіспеншілік туған жерді құрметтеуден, адал еңбек етуден және ел болашағына жауапкершілікпен қараудан басталады. Сондықтан ортақ мақсат жолында жұмылып, туған өлкеміздің дамуына бірге үлес қоса берейік!
    Осы мерейлі күні әр шаңыраққа амандық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
    Республика күні құтты болсын!
    Жасай бер, Қазақстан!
    Гүлдене бер, қасиетті Шардара!
    Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары