2026 жылғы 23–30 қараша аралығында Астана қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan 2026» XI республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Аталған чемпионатта Шымкент қаласының намысын 34 құзыреттілік бойынша 43 студент «WorldSkills Shymkent 2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының алтын медаль иегерлері қорғайды.
Осыған орай, 16 қараша күні Жол-көлік колледжінің базасында чемпионатқа қатысушылар мен сарапшыларға арналған психологиялық қолдау тренингі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында чемпионатқа дайындық, ұйымдастыру мәселелері және қатысушыларға көрсетілетін қолдау шаралары талқыланды.
Сонымен қатар, Психологиялық қолдау орталығының мамандары студенттерге арнайы тренингтер өткізіп, олардың өзіне деген сенімділігін арттыру, қобалжуды еңсеру, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру және жеңіске деген жігерін нығайту бағытында жұмыс жүргізді.
Тренингтер жастарға тың серпін беріп, өз мүмкіндіктеріне сенуге, биік мақсаттарға ұмтылуға және республикалық чемпионатта лайықты нәтиже көрсетуге мотивация сыйлады.
Басты мақсат – кәсіби шеберлігі шыңдалған, өзіне сенімді...
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









