АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

    1 / 6

    Бүгін Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов азаматтарды жеке қабылдады.

    Қабылдауға 10-ға жуық қала тұрғыны қатысып, білім саласына қатысты өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Кездесу барысында бала тәрбиесі, жұмысқа орналасу, ғылыми жобаларды қолдау, оқулықтармен қамтамасыз ету, педагогтердің жалақысы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

    Басқарма басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша нақты түсініктемелер мен жауаптар берді.

    Қабылдау қорытындысы бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстардың орындалуын бақылауға алып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының білім басқармасы" КММ" жаңалықтары