1 / 3
2026 жылғы 13 қарашада Петропавл қаласында Digital Week Qyzylzhar 2026 цифрландыру апталығының қорытынды іс-шарасы болған Digital Day – 2026 өңірлік форумы өтті.
Форум мемлекеттік органдардың, IT-қоғамдастықтың, бизнес өкілдерінің, білім беру ұйымдарының және жастардың басын қосып, өңірдің цифрлық трансформациясының перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Іс-шара аясында цифрлық бастамалар, заманауи IT-шешімдер және жасанды интеллектіні қолдану арқылы әзірленген жобалар таныстырылды. Жасанды интеллект технологияларын енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Digital Day – 2026 тәжірибе алмасуға, перспективалы жобаларды таныстыруға және Солтүстік Қазақстан облысының цифрлық дамуының алдағы бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Цифрландыру — бұл тек технологиялар ғана емес, әрбір өңір тұрғыны үшін жаңа мүмкіндіктер!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






