Digital Week аясында Петропавлда Tomorrow school жасанды интеллект мектебінде Ашық есік күні өтті

    12 қарашада қала тұрғындары Tomorrow School білім беру алаңымен танысуға, жасанды интеллект саласындағы оқыту мүмкіндіктері және оның күнделікті өмірде қолданылуы туралы білуге мүмкіндік алды.
    Іс-шара аясында цифрландыруға, жасанды интеллектке, киберқауіпсіздікке және IT-технологияларға арналған интеллектуалды квиз-ойын өтті.
    Ойынға әртүрлі ұрпақтар мен кәсіби салалардың өкілдерін біріктірген үш команда қатысты. Қатысушылар өз білімдерін тексерді, эрудиция көрсетті және цифрлық дамудың өзекті мәселелерін талқылады.
    Іс-шара цифрлық технологияларды насихаттауға, цифрлық сауаттылықты дамытуға және тұрғындардың жасанды интеллект мүмкіндіктеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған Digital Week бағдарламасының бөлігі болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" жаңалықтары