Startup ORDA 2.0 бағдарламасы рекордтық қызығушылық тудырды: ұйымдастырушылар 142 өтінім қабылдап, іріктеу нәтижесінде негізгі бағдарламаға 30 команда өтті. Ал Demo Day финалына Солтүстік Қазақстан облысының үздік 15 стартап-командасы шықты. Бағдарлама қорытындысы бойынша Наталья Галеева жеңімпаздардың қатарынан көрініп, Астана қаласында өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында өзінің Markeo жобасын таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
Markeo — сұлулық индустриясының мамандарына арналған жасанды интеллект негізіндегі маркетолог. Ол ілгерілету стратегиясын әзірлеуге, контент жасауға және клиенттерді тартуға көмектеседі.
Startup Alley алаңында Наталья жобаның мүмкіндіктерін таныстырып, стартап-экожүйе өкілдерімен тәжірибе алмасты.
Форумға қатысу жобаны дамытуға және маркетинг саласында жасанды интеллектіні енгізудің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге маңызды қадам болды.








