Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру дерегі анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттің салдарынан домофон жүйесі мен бейнебақылау камераларының кабель желілері зақымданып, олардың жұмысы бұзылған.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 46 жастағы Ерлан Байжарасов болып шықты. Ер адам МИК кеңсесінің кіреберісіне қарама-қарсы орналасқан бейнебақылау камерасын қасақана істен шығарып, мүлікке залал келтірген.
Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, жыл басынан бері бөтеннің мүлкін бүлдіру және өзге де бұзақылық әрекеттері үшін 225 құқық бұзушы жауаптылыққа тартылған.
Полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай әрекеттер материалдық шығын келтіріп қана қоймай, өзге азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне де нұқсан келтіреді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








