АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

    1 / 4

    ️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.

    🔸️ Аппарат отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, «TAZA QAZAQSTAN» акциясы, аудандағы тазалық айлығының жүргізілуі және қорытындылвры туралы, және Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі аппаратының атқарылған жұмыстар туралы талқыланды.

    🔹️ Аудандағы тазалық айлығының жүргізілуі туралы Ойыл ауылдық округінің әкімі Р. Сағынғалиев баяндаса, Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі аппаратының атқарылған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімі Ә. Избасов баяндады.

    🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

    🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары