АУДАН ӘКІМІ СӘКЕН ЗАЙМОЛДИН САРАЛЖЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ КЕМЕР, ШИҚҰДЫҚ, АҚКЕМЕР, БЕСТАМАҚ, ҚОҢЫРАТ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 5

    Кездесу барысында Сәкен Ғазизұлы ауданының әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға жеке-жеке тоқталып, ауданның және ауылдық округтердің әр саладағы өсім деңгейімен таныстырып өтті.


    🔹Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл тұрғындары жергілікті жердегі бірқатар өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
    Жол мәселесі сынды бірқатар сұрақтар қойылып, ауылдық округтің жайылымдық жерлері, ветеринариялық сала бойынша тұрғындардан өтініштер келіп түсті.

    🔸️Аудан басшысы тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары