️ ️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.
🔸️ Аппарат отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Ойыл аудандық белсенді өмір сүру орталығының жұмысы және Көптоғай ауылдық округі аппаратының атқарылған жұмыстар туралы талқыланды.
🔹️ Белсенді өмір сүру орталығының жұмысымен орталық басшысы Ізғарина Жангүл Бақытжанқызы баяндаса, Көптоғай ауылдық округі аппаратының атқарылған жұмыстары туралы Көптоғай ауылдық округі әкімі Асылбаев Ерлан Базарбайұлы баяндады.
🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









