1-қосымша |
2027 жылға жоспарланған
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы
ақпарат
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
1 |
Отбасы институтын нығайту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру |
700,0 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы. Тұжырымдама отбасы институтын нығайту, оның мәртебесін арттыру және отбасылардың әл-ауқатына жағдай жасау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. |
Аудан тұрғындары, оның ішінде жас отбасылар, көпбалалы отбасылар, еңбек әулеттері болып табылатын отбасылар, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, интернационалдық отбасылар, жоғары жетістіктерге жеткен, ауданның атын шығарған отбасылар. |
Отбасы институтының қоғамдық маңызын арттыру және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту. Халықтың отбасыларды қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы хабардарлығын арттыру. Қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың отбасын қолдауға бағытталған іс-шараларға қатысуын жандандыру. Ұрпақтар сабақтастығын және отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарауды нығайту. |
2 |
Салауатты өмір салтын насихаттауға, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру |
500,0 |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРК Кодексі халық денсаулығын сақтаудың, аурулардың алдын алудың және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі қағидаттарын бекітеді. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2022-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысы профилактикалық медицинаны дамытуды, қоғамдық денсаулықты нығайтуды және халықтың салауатты өмір салтына бейілділігін арттыруды көздейді. |
Аудан халқы, оның ішінде ауылдық округтердің және Булаев қаласының тұрғындары. 14 жастан 35 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар. Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, колледж студенттері. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдері. Жас отбасылар. Алкоголь, есірткі және никотин тәуелділігінің қалыптасу қаупі тобындағы адамдар. Еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері. |
Аудан халқының есірткі құралдарын, алкоголь және темекі өнімдерін тұтынудың жағымсыз салдары туралы хабардарлық деңгейін арттыру. Жасөспірімдер мен жастарда салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға деген орнықты көзқарас қалыптастыру. Халық арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және темекі шегудің алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыс деңгейін арттыру. Психоактивті заттарды тұтынуға жағымсыз көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салты құндылықтарын кеңінен насихаттау. |
3 |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру. |
500,0 |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы. Заң сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық негіздерін айқындайды. |
Аудан халқы, оның ішінде ауылдық округтердің тұрғындары. Еңбек ұжымдары мен ұйымдардың өкілдері. Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері. Азаматтық қоғам өкілдері. Құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдық бақылауға қатысуға мүдделі адамдар. |
Халықтың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейін арттыру. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа және құқық бұзушылықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру. Азаматтардың мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері туралы хабардарлық деңгейін арттыру. Белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және халықты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке тарту. Қоғамдық процестердің ашықтығы мен айқындығын арттыру, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту. |
4 |
Халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру |
500,0 |
Терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, оның ішінде террористік қатерлердің алдын алуды және терроризм профилактикасын айқындайтын «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-I Заңы. Экстремистік әрекеттің алдын алуға және оны тыюға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы № 31 Заңы. Діни қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, азаматтардың наным-сенім бостандығына құқығын іске асыруды және зайырлы мемлекет қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ететін «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңы. |
жастар мен жасөспірімдер; орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары; ауыл халқы; діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері; кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдері; педагогтер, әлеуметтік қызметкерлер және жастармен жұмыс жөніндегі мамандар; діни және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға мұқтаж адамдар. |
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша халықтың діни және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Азаматтарда діни экстремизм және радикализм идеологиясын қабылдамаудың орнықты ұстанымын қалыптастыру. Халықтың Қазақстан Республикасының діни қызмет және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы туралы хабардарлығын арттыру. Халықтың әртүрлі санаттарын қамти отырып, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын (семинарлар, кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер) өткізу. Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таратылатын діни ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау деңгейін арттыру. Жастармен және басқа да нысаналы топтармен профилактикалық жұмысты күшейту. Әртүрлі конфессия өкілдеріне төзімді қарым-қатынас қалыптастыру. Ауданда конфессияаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту. |
5 |
Азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге, ұлттық бірлікті нығайтуға және ел тәуелсіздігінің басты атрибуттары болып табылатын Ту, Елтаңба және Әнұранды кеңінен насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру. |
800,0 |
Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, яғни Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және Мемлекеттік Әнұранды белгілейтін 11-бабы. |
Жастар және білім беру ұйымдарының білім алушылары; қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері; этномәдени бірлестіктердің өкілдері; мемлекеттік қызметшілер; еңбек ұжымдарының өкілдері; ардагерлер мен қоғам өкілдері; аудан тұрғындары. |
Халықтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызы туралы білім деңгейін арттыру; патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті нығайту; Мемлекеттік Туға, Елтаңбаға және Әнұранға құрметпен қарауды арттыру; жастардың қоғамдық-патриоттық іс-шараларға қатысуын жандандыру; мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын нығайту; халықты ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қамтуды ұлғайту; жас ұрпақ арасында орнықты патриоттық құндылықтарды қалыптастыру. |
2026 жылғы 9 қарашадағы жағдай бойынша
телефон 871531-2-14-43
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





