КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ЧИТАЮЩАЯ НАЦИЯ» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Қажимерұлы Сакошевтің қатысуымен Шымкент қаласында «Кітап оқу марафоны: ұйымдастыру тәжірибесі мен тиімді тетіктері» атты маңызды кездесу өтті.

    Жиын барысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында атқарылған аралық қорытындылар мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды.

    Жиында талқыланған негізгі тұстар мен көрсеткіштер:

    Масштаб:

    Бүгінгі таңда республикалық марафонға еліміздің 20 өңірінен, 195 ауданынан және 6 мыңнан астам ауылынан 1 миллион 490 мыңнан астам адам тіркелген.

    Белсенділік:

    Жоба аясында 1 миллионнан астам кітап оқылып, 337 мыңнан астам белсенді оқырман қалыптасты.

    Сапа мен жүйелілік:

    Басты мақсат – сан қуу емес, кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру және нақты ынталы оқырмандарға қолдау көрсету.

    Тексеру жүйесі:

    Қатысушылардың жазған пікірлері 4 сатылы жүйеден (көлемі, авторға сәйкестігі, плагиат және жасанды интеллект арқылы сараптама) өтіп, әділ бағалануда.

    Алдағы маңызды кезеңдер:

    Марафон алдағы уақытта да жалғасып, жеңіске апарар жол 3 кезең мен 8 қадамнан тұратыны атап өтілді:

    1. 15 кітапты оқып, кемінде 3 750 ұпай жинау және тестілеуден өту.

    2. Аудандық және облыстық командалық квиздер.

    3. Өңірлік іріктеулер мен республикалық финал.

    Наурыз айында өтетін тестілеу мен іріктеу кезеңдеріне дайындықты сапалы ұйымдастырып, саннан гөрі мәреге жететін ынталы оқырмандармен жұмысты күшейту тапсырылды.

    #КітапОқитынҰлт #Шымкент #АянСакошев #РуханиЖаңғыру #КітапМарафоны #ОқуМәдениеті

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы" КММ" жаңалықтары