УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

    1 / 6

    Қалада жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының, табиғи және улы газдан улану жағдайларына жол бермеу мақсатында ауқымды профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Қысқы жылыту маусымы кезеңінде улы газдан уланудың алдын-алдын алудың маңызы зор. Осы орайда тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

    Бүгін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала прокуратурасымен бірлесе, улы газдан уланудың және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу іс-шарасын өткізді.

    Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Қанат Берденов улы газдан улану және өрт жағдайларының алдын алуда газосигнализатор құрылғысын орнатудың маңызы зор екенін атап өтті.

    Жоспарға сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті, қала прокуратурасы және “Газ техникалық қызметі” мекемесі қызметкерлері бірлесе Тассай шағын ауданында азаматтарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты. Мамандар тұрғындарға⠀газосигнализатор құрылғысын орнатып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет екенін ескертті. Бүгінгі іс-шарада жалпы 600 газосигнализатор құрылғысы орнатылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы" КММ" жаңалықтары