11 қарашада Ақтоғай ауданында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының І кезеңі өтті. Іс-шара Ақтоғай ауданындағы аграрлық-техникалық колледжде ұйымдастырылды.
Байқау Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Мақсаты – қазақ халқының рухани қазынасын жас ұрпаққа жеткізу, халық ауыз әдебиетін насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және патриоттық сезімді арттыру.
Ақтоғай ауданы бойынша 70-ке жуық оқушы өнерін көрсетті. Жүлдегерлерді қазылар алқасы анықтады. Қазылар алқасының төрағасы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Саржан Уахитұлы Такиров. Алқа құрамында:
🔹 Мүсіркеп Сейдахмет – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Қазақстанның құрметті журналисті», «Алтын сұңқар» иегері;
🔹 Жармагамбетов Тәбәрік Климұлы – Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері»;
🔹 Думан Базарәліұлы Жакупов – Ақтоғай ауданы Өнер мектебінің вокал сыныбының мұғалімі.
Байқау қорытындысымен жүлдегерлер анықталды:
🥇 І орын – Құрмашұлы Досжан, «Әсет Болғанбайұлы атындағы негізгі орта мектебі» КММ оқушысы;
🥈 ІІ орын – Қабдолла Айзада, «Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебі» оқушысы;
🥉 ІІІ орын – Марат Айсезім, «Жақып Ақбай атындағы негізгі орта мектебі» КММ оқушысы.
Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алады.
#ТұлпарМініпТуАлған #АлпамысБатыр #Ақтоғайауданы #ЖатқаАйту
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









