«Тұлпар мініп, ту алған!»: Приозерск қаласында үздік жыршылар анықталды

    1 / 2

    Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған!» жыр сайысының Приозерск қаласындағы қалалық кезеңі 10 қарашада өтті. Жарыс «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ акт залында ұйымдастырылып, 6-10 сынып оқушылары «Алпамыс батыр» жырынан үзінділерді жатқа оқып, өнерлерін көрсетті.

    ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұсынылған бұл жырды орындау арқылы жас талапкерлер сөз өнерін шыңдап, ұлттық рухани мұраға деген құрметін танытты.

    Байқауға қаланың 2 мектебінен 42 оқушы мен 20 мұғалім тіркелді. Мектепішілік кезеңнен өткен 20-дан аса үздік оқушы қалалық сайысқа жолдама алды.

    Байқау жас ұрпаққа халқымыздың рухани қазынасын жеткізуді, ауыз әдебиетін дәріптеуді, шешендік пен сөйлеу мәдениетін дамытуды, патриоттық тәрбиені күшейтуді және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді көздейді.

    Сайыскерлердің өнерін бағалаған қазылар алқасы:

    * Саржан Уахитұлы Такиров – төраға, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты

    * Бибисара Абуевна Сагатова – зейнеткер ұстаз

    * Әділбек Алпысбайұлы Бердімұратов – Жастар ресурстық орталығының директоры

    * Жанат Жалғасбекқызы Абулова – «Приозерск қаласының мәдени-демалыс орталығы» КМҚК директорының міндетін атқарушы

    Жүлдегерлер:

    🥇 І орын – Құрманбек Жанеля, «№1 ЖББМ» КММ

    🥈 ІІ орын – Жұматай Таснима, «№1 ЖББМ» КММ

    🥉 ІІІ орын – Асылбек Аяла, «№2 ЖББМ» КММ

    Қалалық кезеңнің жеңімпаздары 9 желтоқсанда сағат 11:00-де Қарағанды қаласында өтетін облыстық кезеңде өнер көрсетеді. Марапаттау рәсімі 15 желтоқсанда сағат 15:00-де өтеді.

    Барлық қатысушыларға табыс тілейміз!

    #ТұлпарМініпТуАлған #ҚазақТілі #ҚарағандыОблысы #АлпамысБатырЖыры #QazaqEpos2026

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары