«Тұлпар мініп, ту алған!» жыр додасының аудандық және қалалық кезеңдері Теміртауда басталды

    1 / 5

    Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 6-10 сынып оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жыр додасының аудандық және қалалық кезеңдері бүгін, 9 қарашада, Теміртау қаласында бастау алды. Сайыс қаланың мәдениет үйінде өтті.

    ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне ұсынылған «Алпамыс батыр» жырын жас орындаушылар жатқа айтып, сөз өнерін көрсетті.

    Байқауға қаланың 30 мектебінен 645 оқушы мен 304 мұғалім тіркелді. Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша қалалық кезеңге ең үздік 100-ден аса оқушы қатысты.

    Байқаудың мақсаты: қазақ халқының рухани қазынасын жас ұрпаққа жеткізу, халық ауыз әдебиетін насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімді арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

    Әділқазылар алқасы:

    * Жансая Жаңғазыұлы Жарылғапов – алқа төрағасы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы

    * Руза Жақыпқызы Алдашева – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

    * Урзада Атабековна Есмурзаева – тілші

    * Лаззат Тоқтасынқызы Диханбаева – Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы

    Қалалық кезеңнің жеңімпаздары:

    🥇 І орын – Байдулла Айару, «Озат» ММЛ

    🥈 ІІ орын – Даулетбай Жаннұр, «№29 ЖББМ» КММ

    🥉 ІІІ орын – Бейсенова Алтынай, «№12 ЖББМ» КММ

    Жеңімпаздар 9 желтоқсанда сағат 11:00-де Қарағанды қаласында өтетін облыстық кезеңде бақ сынайды. Марапаттау рәсімі 15 желтоқсанда сағат 15:00-де өтеді.

    Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

    #ТұлпарМініпТуАлған #ҚазақТілі #ҚарағандыОблысы#АлпамысБатырЖыры#QazaqEpos2026

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары