2026 жылғықазанайында тұрғын үйді алып-сату бойынша31 864мәміле тіркелген. 2026 жылғықыркүйекпен салыстырғанда (35 406) мәмілелер саны10%-ғаазайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 065 – 19%) және Астана (5 223 – 16,4%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 482 – 7,8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз –228мәміле (0,7%) тіркелген.
2026 жылғықыркүйекпенсалыстырғандаең жоғарғы өсімҚызылорда (38,7%),Қостанай(13,5%) жәнеАтырау(2,9%) облыстарында тіркелді. Еңүлкен төмендеуБатыс Қазақстан(-21,2%),Ұлытау(-18,6%)облыстарындажәнеАлматы(-16,3%)қаласындаорын алды.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғықыркүйекайымен салыстырғанда11,3% (3 052мәмілеге)азайды. 2026 жылдыңқазанайында пәтерлер бойынша барлығы24 044мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының75,5%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (23,1%), Астана (21,3%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,6%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды –9 423 мәміле.
2026 жылғықыркүйекпенсалыстырғандақазандағыжеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны5,9% (490мәмілеге)азайды.Қазан айындабарлығы7 820мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсіміАқтөбе(10,6%),Алматы(10,4%)жәнеҚызылорда(6,1%)облыстарындатіркелді. Ең жоғарғы төмендеуАстана(-30,6%)қаласында,Ұлытау(-28,6%) жәнеМаңғыстау(-24,4%)облыстарындабайқалды.
2026 жылғықазандатұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда22,8%азайды (41 259-дан31 864 мәмілеге дейін). Мәмілелер санының ең жоғары өсіміҚызылорда(+52,6%) облысында байқалды, ең үлкен төмендеу –Астана (-41,6%)қаласында. 2026 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда7,6%-ғатөмендеу байқалды.


Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









