Жетісу облысында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

    1 / 2

    Бүгін Талдықорған қаласында Жетісу облысы Полиция департаментінің басшылығы қала әкімі және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, жол қызметтері мен арнайы техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексерді.

    Іс-шараның басты мақсаты – қыс мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қолайсыз ауа райы жағдайларында көлік қозғалысының үздіксіздігін сақтау.

    Тексеру барысында қар тазалайтын арнайы техникалардың техникалық жай-күйі, қысқы кезеңге әзірлігі, сондай-ақ көктайғаққа қарсы қолданылатын материалдар қорының жеткіліктілігі қаралды.

    Ерекше назар ауа райы күрт нашарлаған жағдайда жедел әрекет етуге, қала көшелерін қардан уақтылы тазартуға, негізгі жолдар мен қиылыстардың, жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.

    Сонымен қатар арнайы техника жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жолдарды тазалау жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Полиция департаментінің басшылығы қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

    «Қыс мезгілінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Ең бастысы – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Сондықтан барлық жауапты қызметтердің үйлесімді әрі жедел жұмыс істеуі аса маңызды», – деп атап өтті полиция өкілдері.

    Жетісу облысының Полиция департаменті жүргізушілерді көлік құралдарын қысқы маусымға уақтылы дайындауға, жылдамдық режимін сақтауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және ауа райының өзгеруін ескеруге шақырады.

    Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың жауапкершілігі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары