Ақадыр кентінің әкімі М. Қойшыбаев тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан елді мекеннің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Кездесу кезінде әрбір өтініш мұқият қаралып, тұрғындарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кент әкімі көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу бағытында тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Сонымен қатар, жауапты мекемелермен бірлесіп, тұрғындар көтерген мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жалғасын табатынын айтты.
Тұрғындармен ашық диалог орнату және олардың өтініштеріне уақытылы назар аудару – жергілікті атқарушы орган жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









