Іле-Алатауының көрікті жерлері әлемдік үздіктер қатарында!

    1 / 7

    Қазақстанның табиғи және туристік нысандары халықаралық деңгейде тағы бір мәрте мойындалды!

    The Worldworthy 100 халықаралық редакциялық рейтингінің 2026 жылғы шығарылымында Алматының үш туристік нысаны әлемнің үздік 100 нысанының қатарына енді.

    Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен байланысты екі туристік бағыт әлемдік рейтингте жоғары бағаланды:

    Кімасар шатқалы – әлемдегі үздік жаяу туристік бағыттар арасында 56-орында.

    Бутаков шатқалы – әлемдік рейтингте 79-орын иеленді.

    Сонымен қатар Шымбұлақ аспалы жолы әлемдегі ең үздік 100 аспалы жол рейтингінде 9-орынға ие болды.

    Аталған үш нысан да Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы лауреаты атанып, арнайы сертификаттармен марапатталды.

    Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен бағалауларына, журналистік зерттеулерге және ашық дереккөздердегі мәліметтерге негізделген халықаралық редакциялық рейтинг.

    Бұл жетістік Іле-Алатауының табиғи көрікті жерлеріне халықаралық қызығушылықты арттырып, Қазақстанның экотуристік әлеуетін әлемге танытуға мүмкіндік береді.

    Табиғатымыздың әлемдік деңгейде танылуы – мақтаныш қана емес, оны сақтау мен қорғаудың маңызын тағы бір мәрте көрсететін жетістік.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары