Атырау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша гибридті семинар өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 10 қарашада Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында гибридті форматта семинар өтті.

    Семинарға офлайн форматта 83 адам, онлайн форматта 30 адам қатысты. Қатысушылар қатарында өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ округтік сайлау комиссияларының мүшелері болды.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ерлан Сатыбайұлы Абдакасов қатысты.

    Семинар жұмысы Орталық сайлау комиссиясы әзірлеген кіріс тестілеуінен басталды. Бұл қатысушылардың сайлау заңнамасы бойынша бастапқы білім деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

    Алғашқы болып Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Еркебұлан Қанбайұлы Бержанов сөз сөйлеп, алдағы сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі кезеңдері, сайлау науқаны барысында атқарылатын жұмыстар мен комиссиялардың міндеттері туралы жан-жақты түсіндірді.

    Одан әрі жасанды интеллектті дамыту және оны сайлау процесінде тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды. Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Ғасырбек Нұроллаұлы Кариматов қатысушылармен бірге жасанды интеллект көмегімен әзірленген практикалық кейстерді талдау жұмысын жүргізді. Қатысушылар ұсынылған жағдаяттарды талқылап, заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын ұсынды.

    Семинардың қорытынды бөлімінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Мұратқызы Аманжулова «Округ бойынша дауыс беру нәтижелерін анықтаудағы округтік сайлау комиссиясының іс-қимыл тәртібі»тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға практикалық тапсырмалар ұсынды.

    Үш сағатқа созылған семинар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған шығыс тестілеуімен аяқталды. Қорытынды тестілеу қатысушылардың семинар барысында алған білімдерін бағалауға мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының әкімдігі" жаңалықтары