Қатты отынмен (көмір, ағаш, брикет) жұмыс істейтін пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.
1. Пешті пайдалану кезіндегі негізгі талаптар:
Пешті тек жарамды, техникалық ақауы жоқ күйде пайдалануға рұқсат етіледі.
Пештің мұржасы мен түтін шығатын арналары күйеден жүйелі түрде тазартылуы тиіс.
Пештің есігі, от жағатын бөлігі және түтін жолдары тығыз жабылуы қажет.
Пештің үстіне және жанына жанғыш заттарды, киім-кешек пен отынды қоюға тыйым салынады.
Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға болмайды.
Пешті шамадан тыс қыздыруға және оған белгіленген мөлшерден артық отын салуға жол берілмейді.
Пештің алдындағы еденге өлшемі кемінде 50×70 см болатын металл төсем орнатылуы қажет.
Пештің күлін арнайы металл ыдысқа салып, толық суығаннан кейін ғана қауіпсіз жерге төгу керек.
2. Пешті орнату кезіндегі талаптар:
Пеш жанбайтын материалдардан жасалған негізге орнатылуы тиіс.
Пеш пен қабырғалар арасындағы қауіпсіз қашықтық сақталуы қажет.
Түтін мұржасы жанғыш құрылыс конструкцияларынан оқшаулануы тиіс.
Мұржада жарықтар, саңылаулар және зақымданулар болмауы керек.
Пештің түтін мұржасын шатыр арқылы өткізген кезде өртке қарсы бөлгіштер қарастырылуы қажет.
3. Тыйым салынады:
Пешті жағу үшін бензин, керосин және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға.
Пешті жағу кезінде кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыруға.
Жанып жатқан көмір мен күлді ағаш немесе пластик ыдысқа салуға.
Пештің үстіне отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге.
Пештің жанында жанғыш сұйықтықтар мен газ баллондарын сақтауға.
Пешті қараусыз қалдырып, үй-жайдан шығуға немесе ұйықтауға.
4. Өрт немесе түтін шыққан жағдайда:
Пешті пайдалануды дереу тоқтату.
Мүмкіндігінше адамдарды қауіпсіз жерге шығару.
Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарлау.
Электр құрылғыларын ажырату.
Өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге әрекет жасау, бірақ өз өміріңізге қауіп төндірмеу.
Түтінге немесе улы көміртек тотығына (иіс газы) улану белгілері байқалса, дереу таза ауаға шығу және 103 нөміріне хабарласу.
5. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Үй-жайда өрт сөндіргіш болуы керек.
Түтін және көміртек тотығы датчиктерін орнату ұсынылады.
Пешті және мұржаны тұрақты тексеріп отыру қажет.
Отбасы мүшелеріне өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндіру керек.
Ескерту!
Қатты отын пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу адам өміріне, денсаулығына және мүлікке қауіп төндіреді. Әрбір азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.
Негізгі ескерту: Пештің қабырғадан, жанғыш конструкциялардан қашықтығы және мұржаның өртке қарсы оқшаулауы пештің түріне, конструкциясына және өндіруші нұсқаулығына сәйкес анықталады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








