KazAID пен TİKA дамуға арналған ресми көмек саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

    1 / 3

    2026 жылғы 12 қарашада «KazAID» Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Қазақстандағы үйлестірушісі Фуат Ердоғмұшпен кездесті.

    Кездесу барысында Нұрғали Арыстанов KazAID пен TİKA арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және өңірде даму мақсатындағы жобаларды табысты ұйымдастыруды атап өтті. Ағымдағы жылы тараптар денсаулық сақтау, статистика салаларында бірлескен семинарлар өткізіп, ЭСКАТО-мен ынтымақтастықта БҰҰ-ның Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы күніне арналған даму саласындағы жаңа серіктестердің үшінші отырысын ұйымдастырды.

    Сұбаттаушылар екі агенттік арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары жөнінде пікір алмасты.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар даму мақсатындағы одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру ниетін және дамуға арналған ресми көмек (ДРК) саласында тәжірибе мен білім алмасуға өзара мүдделілігін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары