Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде орын алған қайғылы өрт фактісі бойынша Ақмола облысының прокурорлары мән-жайларды анықтады

    Ақмола облысының мамандандырылған прокурорлары қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаның мән-жайларын, өрттің туындау себептерін және айыпталушылардың әрекеттері мен орын алған салдар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтады. Соның салдарынан 12 адам қаза тапқан.

    Тергеу барысында жанармай құю станциясының директоры тұрмыстық газ баллонын заңсыз әрі қауіпсіздік талаптарын бұза отырып толтыруға жол бергені, газ жеткізуші оны алуды, тасымалдауды және тұтынушыға беруді ұйымдастырғаны, ал кафе басшысы адамдар жаппай жиналатын орында өрт және газ қауіпсіздігі талаптарының көптеген бұзушылықтарына қарамастан, баллонды одан әрі пайдалануды қамтамасыз еткені анықталды.

    Аталған бұзушылықтардың жиынтығы газ баллонының жарылуына, газ-ауа қоспасының түзілуіне, өрттің шығуына және ауыр зардаптардың туындауына әкеп соққан.

    2026 жылғы 7 қыркүйектегі Ақмола облысы Бурабай аудандық сотының үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 6 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

    Азаматтық талап-арыздар ішінара қанағаттандырылды.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары