Бүгін аудан әкімі Ерлан Төрәлиевтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында жылу беру маусымының барысы және өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды.
Тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлық форматқа көшуде. Профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында «Тұмар 112» цифрлық қосымшасы әзірленуде.
Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте аймақ басшысы жылу маусымын тұрақты әрі үздіксіз өткізуге қатысты нақты тапсырмалар бергенін атап өткен аудан әкімі жылыту жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі және маусым барысында ешқандай мәселе орын алмауын ескертті.
Ауданда қатты отын қоры жеткілікті. Жалағаш кенті, Ақсу және М.Шәменов ауылдық округтері табиғи газға қосылған. Қазіргі таңда жылумен қамтуда ешқандай кідіріс жоқ. Білім беру және өзге де әлеуметтік нысандардың жылу жүйелері қалыпты жұмыс істеуде.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына жылу беру жүйелерінің жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар, көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.
Мәжіліс қорытындысымен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









