Аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табысталды

    1 / 11

    Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов көпбалалы аналарды қабылдап, құрмет көрсетті.

    Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары аналардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын сақтаудағы еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.

    «Қазіргі таңда елімізде әйелдер қауымының мемлекет пен қоғам өміріндегі орны айрықша. Сіздер барлық маңызды салада нәтижелі еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Ана ретінде ұрпақ тәрбиелеп, отбасының берекесін арттыру жолындағы еңбектеріңіз қашанда жоғары бағаланады», – деді Ғани Сүлейменов.

    Сонымен қатар, ауданда мыңнан астам көпбалалы ана бар екенін, оның ішінде 44 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен, 40 ана Кеңес Одағының «Батыр ана» наградасымен марапатталғанын жеткізді.

    Салтанатты қабылдау барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №1476 Жарлығына сәйкес 5 анаға «Алтын алқа», 14 анаға «Күміс алқа» наградалары табысталды.

    Сондай-ақ, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, «Жалағаш – Достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дина Мирман марапат иелерін құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жалағаш ауданының әкімдігі" жаңалықтары