1 / 3
Бүгін аудан әкімі Ерлан Төрәлиев Венгриядан келген инвесторлар Молнар Пал мен Чапо Криштианды қабылдады.
Кездесуде инвесторлар аудан аумағында қант құмайы ауыл шаруашылығы дақылын егуді қолға алу жоспарымен бөлісті. Тараптар дақылды өсіру мүмкіндіктері мен ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Аудан әкімі инвесторлардың бастамасына тоқталып, заңнама аясында қажетті қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар инвесторлардың алдағы жоспарларын тыңдап, жобаны жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін білдірді.









