Өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы шешім Конституциялық Сот судьяларының көпшілік дауысымен ғана қаулы қабылдау арқылы шығарылады.
Өтінішті қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
1) өтініш өзінің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға, жол берілу шарттарына сәйкес келмесе немесе тиісті емес субъектіден келіп түссе;
2) өтініштің нысанасы Конституциялық Соттың құзыретіне кірмесе;
3) бұрын қаралған нормалар өзгерген жағдайларды қоспағанда, көтерілген мәселенің конституциялылығы бұрын тексеріліп, ол бойынша Конституциялық Соттың шешімі болса;
4) өтініште көрсетілген мәселе Конституцияда реттелмесе;
5) дау айтылып отырған нормативтік құқықтық актінің күші жойылса немесе ол қолданысын тоқтатса.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









