Конституциялық Сотқа «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңның сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану шарттарын айқындайтын 6-бабының 2-тармағын Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан тексеру туралы өтініш келіп түсті.
Өтініш беруге заңды тұлға алдында берешегі бар азаматқа қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту себеп болды. Бірінші сатыдағы соттың өтініш берушінің пайдасына шығарған шешімінің күші апелляциялық сатыдағы сотпен жойылған.
Өтініш берушінің пікірінше, дауланып отырған норма міндеттемелері банктер, микроқаржы ұйымдары немесе коллекторлық агенттіктер алдындағы берешекпен байланысты емес азаматтардың сот арқылы банкроттық рәсіміне қол жеткізуін негізсіз шектейді және сол арқылы олардың конституциялық құқықтарын бұзады.
Конституциялық Сот заң шығарушы сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану шарттарын заңда көзделген өлшемшарттарды, оның ішінде кредиторлардың санаттарын ескере отырып белгілейтінін атап өтті.
Сондай-ақ Сот жекелеген іс бойынша қабылданған шешім тұрақты құқық қолдану практикасының қалыптасқанын білдірмейтінін көрсетті. Ал өтініш беруші ұсынған Жоғарғы Соттың сот практикасын жинақтауы тиісті нормалардың әркелкі қолданылатынын көрсетеді.
Конституциялық Сот өтініш берушінің дәлелдері мәні бойынша соттардың нақты істі қарау кезінде заңнаманы түсіндіруімен және қолдануымен келіспейтінін білдіретінін атап өтті. Алайда сот шешімдерінің дұрыстығын тексеру және істі қарау нәтижелерін қайта қарау Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








