Жамбыл облысында жасөспірімдерге қатысты 180-нен астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    Жамбыл облысында жасөспірімдерге қатысты 180-нен астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

    Жамбыл облысында түнгі уақытта жүргізілген рейд кезінде полицейлер 182 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың басым бөлігі – түнде ата-анасының еріп жүруінсіз көшеде жүрген жасөспірімдер.

    9 және 10 қараша күндері өткен түнгі рейдте полиция қызметкерлері облыс аумағындағы ойын-сауық орындарын, көшелер мен қоғамдық орындарды тексерді. Негізгі мақсат – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Рейд барысында 146 жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені белгілі болды. Бұдан бөлек, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамауының 25 дерегі, ойын-сауық орындарына кәмелетке толмағандарды кіргізудің 6 дерегі және жасөспірімдер жасаған ұсақ бұзақылықтың 5 дерегі тіркелді.

    Тексеру кезінде Тараз қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінен түнгі сағат 04:30 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Осыған байланысты мекеме иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

    — Әрбір ата-ана баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін бақылауда ұстауы қажет. Кешкі сағат 22.00-ден үйде балаңыз болмаса, дабыл қағыңыз, іздеңіз, қадағалаңыз. Сіздің бақылауыңыз — балаңызды қауіптен сақтап қалуы мүмкін, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Асет Оспанов.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары