Жаңасемей ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    бай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Жаңасемей ауданының білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібі және мектепке дейінгі ұйымдарды (МДҰ) лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

    Кездесу барысында Департамент басшысы Б.Масалимова мен бөлім басшысы Г.Сейтказина мемлекеттік аттестаттаудың жаңа форматы, білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар, лицензиялау рәсімдері, сондай-ақ педагогикалық әдеп мәселелері мен білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары жөнінде түсініктемелер берді.

    Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы @aynurbahtina , мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысты.

    Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптары аясында нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының қызметінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

    Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету, заңнама талаптарын түсіндіру және білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы өзара байланысты нығайту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары