Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Семей қаласының білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік аттестаттауды өткізу және мектепке дейінгі ұйымдарды (МДҰ) лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Департамент басшысы Б.Мәсәлімова, бөлім басшысы Г.Сейтказина мемлекеттік аттестаттаудың жаңа тәртібі, білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар және мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау рәсімдері жөнінде түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жиынға қалалық білім бөлімінің өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты.
Кездесудің мақсаты – білім беру ұйымдарының заңнама талаптарын дұрыс түсінуіне және белгіленген талаптарды сапалы орындауына әдістемелік қолдау көрсету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









