Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

    Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ аумақтық қазынашылық органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ашылған шоттары болады.
    Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    Департамент, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 071400, Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 97 үй.
    Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі
    Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
    Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
    Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысӨтіп жатыр

    2026 жылдың II жартыжылдығына азаматтарды қабылдау кестесі

    📢 АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының 2026 жылдың II жартыжылдығына азаматтарды қабылдау кестесі назарларыңызға ұсынылады. 📅 Қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні 🕐 Уақыты: 16:00–18:00 📍 Мекенжайы: Абай көшесі, 97, 7-қабат. Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазылу үшін: 📞 8 7222 361 033 📞 8 778 577 31 37

    1 шілде 2026 ж. – 31 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
    г. Семей, улица Абая 97, 7 этаж
    Тізбе

    Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2027 жылы мемлекеттік аттесттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімі

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы III тоқсандағы оқу жылын бастауға дайындық мониторингінің қорытындылары

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары туралы 2026 жылдың 3 тоқсан есебі

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы ІІІ тоқсан бойынша азаматтарды жеке қабылдау қорытындылары

    Жарияланды:
    Есеп

    Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметі 2026 жыл, ІІІ тоқсан

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың IIІ тоқсанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есеп

    Жарияланды: