«Сапалы білім – берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылына жаңа міндеттер»

    «Сапалы білім – берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылына жаңа міндеттер»

    Семей қаласында педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтіп, жаңа оқу жылына арналған негізгі бағыттар мен өзекті міндеттер талқыланды.

    Іс-шара барысында педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылары «Тәжірибе-PRO» алаңында өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Ал «Педагогикалық зертхана» секцияларында білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық тәсілдер таныстырылды.

    Биылғы конференция жаңаша форматта ұйымдастырылды. Пленарлық отырыс Мәдениет сарайында өтсе, «Педагогикалық зертхана» шеңберіндегі пәндік секциялар №50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейінің базасында өткізілді. Екі алаң онлайн байланыс арқылы өзара сабақтастырылып, қатысушыларға тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары