🏛️ Жарлыөзек ауылдық округінде есептік кездесу өтті!
📍 Жарлыөзек ауылдық округінде ауылдық округ әкімі Самат Таңатарұлының 2026 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. 📊 Кездесу барысында ауылдық округ әкімі есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, тазалық, көгалдандыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жүзеге асырылған жұмыстар туралы баяндады. 📌 Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер мен басым бағыттар таныстырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралау, алдағы жоспарларды айқындау және тұрғындармен ашық пікір алмасу. 🤝 Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









