Амман, 2026 жылғы 10 қараша– Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі Al-Hussein Technical University(HTU) өткен «International Week» халықаралық мәдени көрмесінде Қазақстанның ұлттық стендінұсынды.
Университеттің Халықаралық қатынастар басқармасы ұйымдастырған іс-шара мәдениаралық түсіністікті дамытуға, алуан түрлілік туралы хабардарлықты арттыруға және түрлі елдердің өкілдері арасында танысу алаңын құру пен мен өзара қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
Салтанатты ашылу рәсімінде HTUПрезиденті, профессор ИсмаилӘл-Хинти құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге, оқытушыларға және іс-шара қонақтарына жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде ол мәдениаралық алмасудың жан-жақты дамыған азаматтарды қалыптастырудағы және әлемге ашық ұрпақ тәрбиелеудіңмаңыздылығын атап өтті.
Іс-шара дипломатиялық корпус өкілдерімен қатар, 18-ден астам елдің өкілдерін, сондай-ақ мәдени орталықтар мен халықаралық білім беру мекемелерін біріктірді.
Ашылу рәсімінен кейін қатысушылар18 елдерден астам, оның ішіндеҚазақстан, Жапония, Испания, Мексика, Үндістан, Польша, Франция,Мажарстанжәне басқа да елдердің ұлттық стендтері ұсынылған халықаралық мәдени көрменіаралап көрді.
Іс-шара қонақтары ұлттық тағамдардың алуан түрімен танысып, би қойылымдарын, музыкалық өнер көрсетулерді және қатысушылардың басқа да шығармашылық бастамаларын тамашалады. Бағдарлама әлемнің түрлі елдерінің мәдени атмосферасынабөленугемүмкіндік беріп, мәдениаралық өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.
Қазақстан Елшілігі ұлттық тағамдарды, кәдесый өнімдерін, сондай-ақ еліміздің мәдениеті, дәстүрлері мен заманауи дамуына арналған ақпараттық материалдарды ұсынды. Келушілер Қазақстанның бай мәдени мұрасымен, ұлттық дәстүрлерімен және өзіндік ерекшеліктерімен жақынырақ танысып, еліміздің туристік әлеуеті мен жетістіктері туралы ақпарат алды.Қазақстанның ұлттық стенді іс-шара қонақтарының қызығушылығын тудырып, мәдени алмасу мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








