Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасы мен Иордан Хишимит Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 9 ақпанда орнатылды.
Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшілігі 2007 жылғы шілдеден бастап қызмет етеді.
Сайт қалың жұртшылықты дипломатиялық өкілдіктің Иордан Хашимит Корольдігіндегі, сондай-ақ Ирак Республикасы мен Палестина Мемлекетіндегі қоса атқарушы қызметімен кеңінен таныстыру, сонымен бірге азаматтарымызға және Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылған.
Елшілік қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының, оның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігімен, Ирак Республикасымен және Палестина Мемлекетімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Сайтта Елшіліктің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты алуға, Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденттері еместеріне мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібімен танысуға болады, сондай-ақ Елшіліктің Консулдық бөліміне баруды онлайн-брондау арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік берілген.
Жаңалықтар
АшуҚазақстан мен Иордания Астана-Амман арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АшуҚазақстан мен Иордания мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АшуҚазақстан мен Иордания консулдық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын айқындады
АшуАстана GFCI жаһандық рейтингінде 8 сатыға көтеріліп, өңірдегі көшбасшылығын сақтап қалды
АшуДаму саласындағы жаңа серіктестердің үшінші отырысы Алматыда өтті
Ашу