«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.П. Чехов атындағы № 21 жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларға сталкинг, қыз алып қашу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында түсіндірме лекция өткізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.

    Кездесу барысында аталған мәселелер бойынша маңызды ақпараттар беріліп, заң талаптары түсіндірілді. Оқушыларға өз құқықтарын білу, қауіпсіздік шараларын сақтау және қандай да бір құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда тиісті органдарға жүгіну қажеттігі ескертілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары