Ардагер аманаты - ұрпаққа өнеге

    10 қараша – Ішкі істер органдары ардагерлерінің күніне орай отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Серик Жорабековтің өнегелі өмір жолы мен қызметтік естеліктеріне тоқталамыз.

    Серик Жорабеков ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1973 жылы Шаян ауылында қатардағы милиционер болып бастаған. Кейін Рязань жоғары милиция мектебін үздік тәмамдап, қызметте жоғарылаған. Отыз жылдан астам уақытын құқық қорғау саласына арнаған ардагер – Ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы.

    Ол кәсіби тәжірибесін кейінгі буынға жеткізуге де үлес қосып, ІІМ-нің жоғары оқу орындарына тәжірибелі мамандарды тарту бастамасын көтерген.

    Бүгінде Серик Жорабековтің абыройлы қызмет жолы мен өмірлік тәжірибесі жас қызметкерлерге үлгі. Оның еңбегі – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары