ІІО ардагерлері мерекеге орай марапатталды

    10 қараша – Ішкі істер органдары ардагерлері күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті.

    Жиында департамент бастығы Мұхтар Жұмабайұлы Қожаев сала ардагерлерін мерекемен құттықтап, олардың құқықтық тәртіпті нығайту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы көпжылдық еңбектеріне алғысын білдірді.

    Сондай-ақ ішкі істер органдарының дамуына үлес қосып, абыройлы қызмет атқарған бірқатар ардагерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.

    Ардагерлердің бай тәжірибесі мен өнегелі жолы – жас қызметкерлер үшін қашанда үлгі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары