Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында күдіктіден жалпы салмағы 150 грамнан асатын мефедрон психотроптық заты бар 50 орама тәркіленді.
Оның биылғы ақпан айынан бері заңсыз есірткі саудасымен айналысқаны анықталды.
Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









