Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғынның әрекеті бейнебақылау камерасына тіркелді.
Талдықорған қаласында бір топ жас досын ерекше тәсілмен құттықтамақ болып, қала орталығында отшашу атқан.
Аталған құқық бұзушылық жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Полиция қызметкерлері жедел түрде 23 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Полиция мерекелік іс-шаралар қоғамдық тәртіпті бұзбауы, тұрғындардың тыныштығына кедергі келтірмеуі және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс екенін ескертеді.
Заң мен тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









