«Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы» ЖШС-нің бұрынғы президенті мемлекетаралық іздеу жарияланды

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ!

    ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеу жариялады. Іздеуде жүрген азамат:

    Лория Григорий Отарович, 1954 жылғы 18 наурызда туған, Қазақстан Республикасының азаматы, «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы» ЖШС-нің бұрынғы президенті.

    Ол жалпы сомасы414 млн теңгеденастам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

    2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен1,7 млрд теңгебөлінген.

    Тергеу дерегіне сай, күдікті бас бухгалтермен және өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, жалған қаржылық құжаттарды пайдаланған, қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне көрінеу жалған мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз еткен.

    Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.

    Егер іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауыңызды сұраймыз.

    Байланыс телефондары: +7 (7172) 70-84-78 — кезекші бөлім.

    Call-орталық: 1458.

    ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі" жаңалықтары