Қазақстанның климаттың өзгеруі саласындағы қабылдап жатқан шаралары

    1 / 8

    COP31 конференциясының екінші күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Даму жөніндегі көпжақты банктер ұйымдастырған «Климаттың өзгеруі саласындағы іс-қимылдарды көпжақты банктердің бірлесіп қолдауы: саясаттан бастап қаржыландыру мен іске асыруға дейін» атты іс-шараға қатысты.

    Екінші күннің маңызды оқиғаларының бірі – министрдің БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК) ресми сайд-ивентіне – «Елдердің бастамасымен жүзеге асырылатын климаттық іс-қимылдарды қаржыландыруды жұмылдыру» атты іс-шараға қатысуы болды.

    Іс-шараны Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ), Қара теңіз сауда және даму банкі (ҚҚСДБ), KfW (Германияның мемлекеттік даму банкі) және ОПЕК Халықаралық даму қоры ұйымдастырды.

    Екі іс-шара барысында да Ә. Қуантыров Қазақстан үшін климаттың өзгеруіне қарсы күрес сенімді энергетиканы, бәсекеге қабілетті экспортты және климаттық тәуекелдерге төзімділікті қамтамасыз етуді білдіретінін атап өтті.

    Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдап, 2035 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын сөзсіз 17%-ға қысқарту жөнінде міндеттеме алды. Бұл қадамдар стратегиялық мақсаттарды нақты инвестициялық шешімдерге айналдыруға мүмкіндік беретін Даму жөніндегі көпжақты банктердің ұзақ мерзімді стратегиялар бойынша бірлескен бағдарламасына бағытталған.

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен бірыңғай ұлттық климаттық қаржыландыру платформасын қалыптастыруда. Ол мемлекет, бизнес және қаржы серіктестерін бес басым саладағы жобалардың бірыңғай тізбесі төңірегінде біріктіріп, инвесторлар үшін бірыңғай кіру нүктесіне айналады.

    Платформаның негізгі міндеті – перспективалы бастамаларды инвестиция тартуға дайын жобалар деңгейіне жеткізу және олардың әрқайсысына ең қолайлы қаржыландыру көзін – көпжақты қорларды, даму банктерін немесе жеке инвесторларды айқындауға көмектесу.

    Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп әзірленген Қазақстанның Әділетті энергетикалық көшу жөніндегі елдік инвестициялық платформасы (QaJET) – осы платформаның алғашқы салалық бағыты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары