30.09.2026 күні Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің 11-ші отырысы өтті. Отырыс барысында қаралған мәселелер:
1. Қалжат ауылындағы ауыз сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйі және су құбыры құрылысының жүргізілу барысы туралы мониторинг қорытындысы.(Хабарламашы-аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Р. Гаитов).
2. «Ұйғыр ауданының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының шешімі және Ұйғыр ауданы әкімдігі қаулысының жобасына қорытынды беру. (Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Қ. Сабырбай).
3. «Қырғызсай ауылдық округі, Қырғызсай ауылының көшелеріне атау беру туралы» ауылдық округ әкімінің шешімінің жобасына қорытынды беру туралы. (Қырғызсай ауылдық округінің әкімі Ж. Айғожаев).
4. «Қалжат ауылының көшелерін қайта атау және атау беру туралы» ауылдық округ әкімінің шешімінің жобасына қорытынды беру туралы. (Қалжат ауылдық округінің әкімі Д. Баратов).
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







