Ұйғыр ауданы мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Анықтама

    ҰСЫНЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ МОНИТОРИНГІ

    ҰСЫНЫМДАРДЫҢОРЫНДАЛУ МОНИТОРИНГІ Ұйғыр аудандық мәслихат аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша дайындалған Талдамалық анықтамада және хаттамада көрсетілген ұсынымдардың орындалу барысына мониторинг жүргізілді. Мониторингтің негізгі мақсаты ішкі талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған ұсынымдардың белгіленген мерзімдерде орындалуын, қабылданған шаралардың нәтижелілігін, сондай-ақ жауапты тұлғалар жүргізген жұмысты бақылау болып табылады. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша НҚА дайындау және келісу тәртібін жетілдіру, ішкі бақылауды күшейту, кадрлық және бухгалтерлік рәсімдердің сақталуын бақылау, сондай-ақ қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тиісті шаралар қабылданғаны анықталды. Мониторингқорытындысы бойынша талдамалықанықтамадажәнехаттамадакөрсетілгенбарлықұсынымдар бойынша жауаптытұлғалартиістіжұмысжүргізді, белгіленген іс-шаралардыңорындалуырасталды.Ұсынымдарды іске асырушеңберінде анықталған сыбайласжемқорлықтәуекелдеріназайтуғажәнеолардыңқайтатуындауына жол бермеугебағытталғанұйымдастырушылықжәнебақылаушараларықабылданды.Сонымен қатар,ұсынымдардыңорындалуытиістіхаттамаларменжәнеөкімменқұжатталған. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдардың орындалуы қамтамасыз етілген деген қорытынды жасауға болады. Қабылданған шаралардың нәтижелері ішкі бақылауды одан әрі күшейтуге, қолданыстағы рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етуге және аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған. Жұмыс топтың төрағасы Н.Есжан БЕКІТЕМІН Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы Н.Есжан ____________ «30» қыркүйек 2026 ж ҰСЫНЫМДАРДЫҢОРЫНДАЛУ МОНИТОРИНГІ № Ұсыным жауапты мерзімі Нәтиже 1 НҚА дайындау және келісу тәртібін жетілдіру А.Нұрахмет 22.09.2026 хаттама /орындалды 2 Ішкі бақылауды күшейту А.Манапова 02.09.2026 өкім/орындалды 3 Кадрлық рәсімдерді бақылау Д.Ишкуллаев 22.09.2026 хаттама/орындалды 4 Қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу А.Манапова 30.09.2026 хаттама /орындалды 5 Қаржылық құжаттармен жұмыс А.Сайден 28.09.2026 хаттама/орындалды Мониторинг жүргізген:А.Манапова Лауазымы: аппарат басшысы Күні: «30» қыркүйек 2026 ж Подпись ____________ Ұйғыр аудандық мәслихат аппараты / сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Ішкі талдауы

    Жарияланды:
    Анықтама

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Талдау объектісі:Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты Талдау кезеңі:22 қыркүйек 2026ж Талдау жүргізген жұмыс тобы:«Ұйғыр аудандық мәслихат аппараты» ММ І. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ Ішкі талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 8- бабының 5- тармағына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді: Қызметті қозғайтын нормативтік – құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы №268-ХІІІ Азаматтық Кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Заңы; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120 – VIҚРЗ кодексі; Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік – процестік Кодексі; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларымен мінез –құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтотқсандағы №152 Жарлығы мемлекеттік қызметі өткерудің кейбір мәселелері туралы Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңы; Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» №480 –V Заңы; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңы; Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңы; Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» №188- V Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» №410-V Заңы; Қазақстан Республикасының2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» №418-V Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлық ақыларына үстеме ақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» №1127 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай –ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы» №1428 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №195 Бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №648 Бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №393 Бұйрығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекетті емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №703 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпадағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейібір мәселелері туралы» № 40 Бұйрығы. Аппараттың ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 2.1.Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ; 2.2. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді; 2.3. Мәслихат аппаратында рұқсат беру функциялары жоқ; 2.4. Мәслихат аппаратында бақылау-қадағалау функциялары жоқ; 2.5. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша: 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 мемлекеттік орган жұмыс істейді, мемлекеттік қызметшілердің штат саны 5 бірлікті құрады. Бос орындар жоқ. ІІ.ТАЛДАУ БАҒЫТТАРЫ Талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер; Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызмет; Кадрлық рәсімдер және өзге де қызметтік процестер; Қаржылық құжаттармен жұмыс ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ Жүргізілген талдау нәтижесінде көрсетілген тәуекелдер анықталмады. Жұмыс тобының төрағасы Н.Есжан Жұмыс тобының мүшелері: Таныстым ____________ Аппарат басшысы А.Манапова Таныстым _____________ бас маман Г.Ашимова Таныстым ______________ бас маман А.Сайден Таныстым ____________ бас маман Д.Ишкуллаев Таныстым ____________ бас маман А.Нұрахмет

    Жарияланды:
    Хаттама

    ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ

    ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ ХАТТАМА№1 Тақырыбы:Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау Өткізілген күні: «20» қыркүйек 2026 жыл, Өтеген батыр ауылы Қатысқандар: «Ұйғыр аудандық мәслихат аппараты» ММ қызметкерлері КҮН ТӘРТІБІ: Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау Анықталған тәуекелдердің алдын алу және оларды төмендету жөніндегі шараларды қарау ТЫҢДАЛДЫ: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәслихат аппаратының басшысы А.Манапова сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік орган қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, оларды анықтау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті. Мәслихат аппаратының қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында мемлекеттік сатып алу, кадрлық рәсімдер, азаматтардың өтініштерін қарау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және тіркеу, құжат айналымы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау бағыттары бойынша ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды. АНЫҚТАЛДЫ: Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторлар анықталмады. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ: Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілсін. Аппарат басшысына қызметтік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын. Кадрлық және өзге де әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ашықтық пен объективтілік қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етілсін. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау қамтамасыз етілсін. Қызметтік міндеттерді орындау барысында мүделлер қақтығысына жол бермеу, сондай –ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың алдын алу қамтамасыз етілсін. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды сақтау қажеттілігі түсіндірілсін. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және олардың алдын алу бойынша қабылдаған шаралардың орындалуына жауапты тұлғалар белгіленсін. Хаттамада көрсетілген шаралардың орындалуын бақылау аппарат басшысы А.Манаповаға жүктелсін. Төрағалық етуші: Н.Есжан Хатшы: Г.Ашимова Танысты: Аппарат басшысы А.Манапова Бас маман А.Сайден Бас маман Д.Ишкуллаев Бас маман А.Нұрахмет

    Жарияланды:
    Ереже

    «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қоғамдық кеңестің 4-ші отырысының хаттамасы

    Жарияланды:
    Басқа

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

    БЕКІТЕМІН Ұйғыр аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Манапова___________ «07» қыркүйек 2026 жыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ № Тәуекел Іс-шара Жауапты Орындалуы 1 НҚА жобаларын дайындау және келісу Келісу алгоритмін нақтылау А.Нұрахмет қыркүйек 2 НҚА жобаларын дайындау және келісу Ішкі бақылауды күшейту А.Нұрахмет қыркүйек 3 Кадрлық рәсімдер Кадрлық құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексеру Д.Ишкуллаев қыркүйек 4 Кадрлық рәсімдер Қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу Д.Ишкуллаев қыркүйек 5 Қаржылық құжаттармен жұмыс Жеткізушілермен өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін жүргізу А.Сайден қыркүйек 6 Қаржылық құжаттармен жұмыс Деректемелердің түпнұсқалығын, дұрыс толтырылуын, қажетті қолтаңбалардың болуын және шаруашылық операцияның сәйкестігін бақылау А.Сайден қыркүйек

    Жарияланды: