Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы

    ХАБАРЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысының Ұйғыр аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізетіні туралы хабарлайды.

    Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында 5 бос орын қалыптасқан.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша учаскелік сайлау комиссия құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

    2) учаскелік сайлау комиссияның құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттың учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Учаскелік сайлау комиссияның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ға дейін жүзеге асырылады.

    Ұйғыр аудандық мәслихаты

    Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы - Н.Е. Есжан.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 100 үй.

    Жауапты адам – Манапова Арзигуль Гопурқызы, қалааралық телефон коды (872778), қызметтік 7-93-14, 3-21-58, ұялы телефондарының нөмірі: 87789551689, электрондық пошта мекенжайы – [email protected].

    Аудандық мәслихат учаскелік сайлау комиссиясының бос орындарына жаңа мүшелерді сайлайды:

    №

    Сайлау комиссия атауы

    Сайлау комиссия орналасқан объектісінің атауы

    Сайлау комиссияның мекенжайы

    Бос орындардың саны

    Елдімекен

    Көше

    Үй

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    1

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    «Кіші Ақсу орта мектебі» КММ.

    Кіші Ақсу ауылы

    Шарипов

    20

    1

    2

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    «З. Батталханов атындағы ОМ» КММ.

    Үлкен Дихан ауылы

    И.Бахтия

    27

    1

    3

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    «Д. Қонаев атындағы ОМ» КММ.

    Шарын ауылы

    М.Хамраев

    62

    1

    4

    Учаскелік сайлау комиссиясы

    «Тасқарасу орта мектебі» КММ.

    Тасқарасу ауылы

    С.Сейфуллин

    27

    2

    Ұсынымдарға 5.1-қосымша

    Нысан

    _____________________________________________________

    (мәслихаттың толық атауы)

    төрағасына

    _________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    _______________________________________________тұратын

    (облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

    _________________________________________________________

    аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

    ______________________________________________________

    (ұялы телефондардың нөмірлері)

    Өтініш

    Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    ______________________________________________________________________ (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін. Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________

    ( иә, ___ жыл/ жоқ)

    Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

    Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

    Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

    Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәнінесауалдар жіберу үшінменің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

    2026 жылғы «____»____________ _________________________

    (өтініш берушінің қолы)

    Өмірбаяндық деректер:

    Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________

    Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

    Ұлты * _______________________________

    Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

    Білімі _____________________________________________________________________________

    Мамандығы _________________________________________________________________________

    Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

    Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

    Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

    (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

    Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

    Ескертпе:

    * Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

    ** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Өтінішке қосымша

    Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    р/б

    Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

    (болған кезде)

    ескертпе

    1.

    әкесі

    2.

    анасы

    3.

    ұлы

    4.

    қызы

    5.

    ағасы

    6.

    әпкесі

    7.

    атасы

    8.

    әжесі

    9.

    немересі

    10.

    жұбайы (зайыбы)

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары