
2026 жылғы 29 қыркүйекте Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті LXVІІ сессиясы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес Ұйғыр ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша есебі (Баяндамашы – аудан әкімінің орынбасары Жүмәділ Самат Шайытқанұлы);
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес Қырғызсай және Кетпен ауылдық округтері әкімдерінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі (Баяндамашылар –Қырғызсай және Кетпен ауылдық округтерінің әкімдері);
- Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 17 наурыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 6-61-356 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Хасенов Нұртас Ноғайбекұлы);
- Ұйғыр ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы (Хабарламашы аудан әкімі аппаратының басшысы Хасенов Нұртас Ноғайбекұлы).
Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.







