ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ

    Ұйғыр ауданы мәслихатының аппараты

    ТАЛҚЫЛАУ ХАТТАМАСЫ

    ХАТТАМА№1

    Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау

    Өткізілген күні: «20» қыркүйек 2026 жыл, Өтеген батыр ауылы

    Қатысқандар: «Ұйғыр аудандық мәслихат аппараты» ММ қызметкерлері

    КҮН ТӘРТІБІ:

    1. Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау
    2. Анықталған тәуекелдердің алдын алу және оларды төмендету жөніндегі шараларды қарау

    ТЫҢДАЛДЫ:

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәслихат аппаратының басшысы А.Манапова сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік орган қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, оларды анықтау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

    Мәслихат аппаратының қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында мемлекеттік сатып алу, кадрлық рәсімдер, азаматтардың өтініштерін қарау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және тіркеу, құжат айналымы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау бағыттары бойынша ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.

    АНЫҚТАЛДЫ:

    Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәукелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторлар анықталмады.

    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    1. Мәслихат аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілсін.
    2. Аппарат басшысына қызметтік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
    3. Кадрлық және өзге де әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ашықтық пен объективтілік қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етілсін.
    4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау қамтамасыз етілсін.
    5. Қызметтік міндеттерді орындау барысында мүделлер қақтығысына жол бермеу, сондай –ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың алдын алу қамтамасыз етілсін.
    6. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды сақтау қажеттілігі түсіндірілсін.
    7. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және олардың алдын алу бойынша қабылдаған шаралардың орындалуына жауапты тұлғалар белгіленсін.
    8. Хаттамада көрсетілген шаралардың орындалуын бақылау аппарат басшысы А.Манаповаға жүктелсін.

    Төрағалық етуші: Н.Есжан

    Хатшы: Г.Ашимова

    Танысты:

    Аппарат басшысы А.Манапова

    Бас маман А.Сайден

    Бас маман Д.Ишкуллаев

    Бас маман А.Нұрахмет

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    ҰСЫНЫМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ МОНИТОРИНГІ

    ҰСЫНЫМДАРДЫҢОРЫНДАЛУ МОНИТОРИНГІ Ұйғыр аудандық мәслихат аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша дайындалған Талдамалық анықтамада және хаттамада көрсетілген ұсынымдардың орындалу бары...

    Ұйғыр ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Анықтама

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Талдау объектісі:Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты Талдау кезеңі:22 қыркүйек 2026ж Талдау жүргізген жұмыс тобы:«Ұйғыр аудандық мәс...

    Ұйғыр ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    Хаттама

    Қоғамдық кеңестің 4-ші отырысының хаттамасы

    Ұйғыр ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Басқа

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

    БЕКІТЕМІН Ұйғыр аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Манапова___________ «07» қыркүйек 2026 жыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ № Тәуекел Іс-шара Жауапты Орындалуы 1 НҚА жобал...

    Ұйғыр ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Басқа

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ БЕЙІМ ЛАУАЗЫМДАР ТІЗБЕСІ

    БЕКІТЕМІН Ұйғыр аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Манапова___________ «7» қыркүйек 2026 жыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ БЕЙІМ ЛАУАЗЫМДАР ТІЗБЕСІ № Лауазымы Негізгі функциялары Тәуекел Деңгейі 1 Бас маман...

    Ұйғыр ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Басқа

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағы...

    Ұйғыр ауданы мәслихатының аппаратыЖарияланды: